«Бейбіт елдін көк байрағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп 19 қазан күні «25 қазан – Республика күніне» орай мектепте 10-11 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Батырханова А.Г. ұйымдастыруымен «Бейбіт елдін көк байрағы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мақсаты: Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелей отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру.