05
июнь
2025
«Есірткі қылмысы үшін жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары
Ағымдағы жылдың 5 маусым күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі жанындағы қоғамдық орындарда және мектеп аумағында «Жас сақшы» тобымен бірлесе «Есірткі қылмысы үшін жауапкершілік» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, насихаттық жадынамалар таратылды.
Мақсаты:
- Халықты есірткі қылмысының заңдық салдарымен таныстыру.
- Жастар мен ата-аналарға нашақорлықтың зияны мен құқықтық жауапкершілігі туралы ақпарат беру.
- Есірткіге қарсы қоғамдық иммунитет қалыптастыру.
Түсіндіру жұмыстары барысында ата-аналар, оқушылар және тұрғындар арасында есірткі заттарын сақтау, тарату және қолдану жағдайларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексіндегі баптар түсіндірілді. Құқық қорғау органдары өкілдері мен мектеп қызметкерлері тарапынан арнайы дайындалған жадынамалар таратылып, кеңес берілді.:
Аталған іс-шара есірткі қылмысына қатысты құқықтық сауаттылықты арттыруға және қоғамда нашақорлықтың алдын алуға бағытталды. Жадынамалар көпшілікке оң әсер қалдырып, түсіністікпен қабылданды