«Егеменді елдің ұланымыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
19 қазан кұні мектепте «25 Қазан – Республика күніне» орай 5-11 сыныптар арасында « «Егеменді елдің ұланымыз!» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы - туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.
Ұлы ағартушы, халқымыздың рухани көсемі А. Байтұрсынов: «Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан өссін»деген екен. Біз сіздерге тек перзентіміз емес, еліміздің ертеңі, нұрлы болашағы деп қараймыз. Мұхаммед Пайғамбарымыз «Жастық шақта алған білім - тасқа ойылған нақыш» деген екен.
![](/uploads/posts/2023-10/1697711380_1697711282733.png)
![](/uploads/posts/2023-10/1697711377_1697711301566.png)
![](/uploads/posts/2023-10/1697711447_1697711293928.png)
![](/uploads/posts/2023-10/1697711409_1697711272709.png)