«Қазақстан-тәуелсіз мемлекет» көрме
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Қазақстан-тәуелсіз мемлекет» көрме туралы хабарлама
Өткізілген күні: 20.10.2023ж.
Өткізілген орны мектеп кітапхана
Қатысқандар: 1 –11 сыныптар
Мақсаты: Оқушыларға елі мен жерін қастерлеуді, Тәуелсіздік ұғымының терең мағынада жұмсалатындығын насихаттау.
Тәуелсіздік мерекесіне орай кітапханашы Майя Абдраманқызының ұйымдастыруымен «Қазақстан-тәуелсіз мемлекет» атты көрме оқушылар назарына ұсынылды. Таныстырылым барысында еліміздің тәуелсіздікке дейінгі және тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдерге шолу жасап өтті. Арнайы дайындалған бейнематериал оқушылардың назарына ұсынылды. Сонымен қатар, тәуелсіздік жолында құрбан болған талай боздақтардың ерлігі мен өрлігі насихатталды. Мектеп кітапханасында «Қазақстан- тәуелсіз мемлекет» желтоқсан оқиғасына арналған арнайы бұрыш жасалған.
Кітап көрмесіне қатысқан 5-6 сынып оқушылары ақынның өлеңдерінен үзінді оқып, шараның көркін келтірді. Суретте іс- шарадан үзінді.
![](/uploads/posts/2023-10/1698724595_1698724350443.png)