Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу.
Ерте жүктіліктің алдын алу. қыздармен жүргізілген жиналыс
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
қыздар жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Интернационал ауылы 20.10.2023 ж.
Өткізілген жері: Акт залы
Қатысқандар: ДТІЖО А.Канибетова, мектеп медбикесі А.Атамұратова, психолог А.Нысанова, СӨС орталығының мамандары және 8-11 сыныптың қыз балалары
Барлығы: 42 адам
Жиналыс төрайымы: директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канибетова А,
Жиналыс хатшысы: Г.Охапова
КҮН ТӘРТІБІ:
Ерте жастағы жүктіліктің алдын алу.
Баяндамашы: ДТІЖО А.Канибетова
Ерте жүктіліктің қауіп-қатері.
Баяндамашы: мектеп медбикесі А.Атамұратова
ТЫҢДАЛДЫ.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің ДТІЖО А.Канибетова бүгінгі жиналыстың мақсатымен таныстырып, жиналысты ашты. Жастарға дұрыс бағыт бағдар беру және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында өткізіліп жатқан жиналыс екендігін оқушыларға баяндады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша СӨС мамандары ерте жүктілік деп 13-19 жаста болған жүктілікті айтамыз. Бұл кезде қыз балада бойжеткен кезеңі-гормоналды ауысу кезеңі басталады. Бұрын ерте жүктілік жағдайы төмен отбасыларында болады деп есептелген, бірақ қазір бұл пікір өзгерді. Себебі тұрмыс жағдайы жақсы отбасында өскен балалар жауапкершілікті сезінбейді. Көпшілік ата-аналар балаларының сексуалды өмірлеріне араласқылары келмейді. Мұны бұқаралық құралдардан интернеттен біледі деп ойлайды. Алайда, бұл ақпарат қыз балаларға жеткіліксіз болып келеді. Ерте жыныстық қатынасқа түсу жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын бұзады. Қыз бала, қыз,әйел- бұл бір ғана адам өткеретін әртүрлі кезең. Ол әрбір кезеңде қуанышпен де,қайғымен де, түрлі дерттермен де бетпе-бет кездеседі. Дені сау ұрпақты өмірге әкелу үшін әйелдердің репродуктивті денсаулығы өте маңызды екенін түсінуіміз қажет екендігін қыздарға түсіндіріп айтып өтті. Баяндамашы А.Канибетова егер ерте жүктілік болған жағдайда сенім телефонына немесе көрсетілген мекен-жайға келіп көмек сұрауға болатынын баяндады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «ерте жүктіліктің қауіп-қатері». Мектеп медбикесі А.Атамұратова статистикалық мәліметтерді баяндап, ерте жүктіліктін қауіп-қатері өте зор және оның жауапкершілігі мол іс екенін тілге тиек етті. Жасөспірімдер бір ғана шалыс басқан істің артында үлкен қауіп-қатер бар екенін біле бермейді. Мысалы жас ана жүктілікті физикалық көтере алмайды, қиын таңдау тұрады: аборт жасау немесе баланы қалдырса өзін және нәрестені қауіп қатерге тігеді.
Толық қалыптаспаған организм жүктілікпен және босануды көтере алмайды соның салдарынан ақауы бар баланың дүниеге келуі мүмкін. Міне, жоғарыда аталған дүниенің бәрі ерте жүктіліктің қауіп қатері екенін оқушыларға жеткізді.
Шешімі:
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер, қыздар төрайымы қыздармен тығыз байланысып, жұмыстар жүргізілсін.
![](/uploads/posts/2023-12/1703130635_1703130622034.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1703130682_1703130596273.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1703130651_1703130636521.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1703130706_1703130629586.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1703130664_1703130614962.png)
![](/uploads/posts/2023-12/1703130686_1703130607736.png)