«Кітапхана-білімнің күншуағы»
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Кітапхана-білімнің күншуағы» атты мерекелік кеш
Анықтама
Өткізілген күні: 23.10.2023ж.
Өткізілген орны: Мектептің АКТ залы
Қатысқандар:2-10 сынып оқушылары
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2023 жылдың қазан
Айының 23 ші күні мектептың АКТ залында мектеп кітапханашысы Каимбаева М.А. ұйымдастыруымен «Кітапхана-білімнің күншуағы» атты кітапханашылардың төл мерекесіне арналған мерекелік кеш өткізілді. Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы.Құттықтау сөз мектебіміздің директоры Кокрекбаева Лейла Болысбекқызына берілді. Кітапхана – оқырманмен кітап арасындағы негізгі алтын көпір. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар сөз кезегі мектеп кітапханашы Каимбаева Майя Абдраманқызына беріледі. М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы»кітапты өзіне сенімді дос еткен, кітапханамыздың жанашыр оқырмандарына кезек берілді. Ақын-жазушыларымыздың ғажап еңбектерін оқып,жаттап,көкейлерінде түйіп жүрген оқушыларымыз өнерлерімен бөлісті. Поэзияға жаны құмар жас оқырмандар ортаға шығып Шерхан Мұртаза «Әке үкімі»9 сынып оқушысы Нарымбетов Шынғыс,Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін!» 8 сын Қартбай Майра шығармаларын сүйіп оқиды.Ортаға
3 сынып оқушылары Асхат Өмірбаевтың «Ақылды кітап» ;2-3 орыс сыныбы «Один день из жизни школьного библиотекаря» сахналық көрініс қойды.зни школьного библиотекаря» сахналық көрініс қойды.



