«Балдәурен» лагерінде «Білім кілті - кітапхана» кітапханаға саяхат жасау » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балдәурен» лагерінде «Білім кілті - кітапхана» кітапханаға саяхат жасау
10
июнь
2025

«Балдәурен» лагерінде «Білім кілті - кітапхана» кітапханаға саяхат жасау

Аманжол Тұрғымбаев атындағы№ 7  ЖББМ

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында   «Балдәурен» лагерінде

«Білім кілті - кітапхана» кітапханаға саяхат жасау


Анықтама


Сабақтың мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі орнын ұғындыру, рухани мәдениетін дамыту.


       2025 жылы маусым  айының  05 күнінде   Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Балдәурен» лагерінде 1-5 сынып оқушылары «Білім кілті - кітапхана» атты тақырыпта  кітапханаға саяхат жасады.Кітапханашы Каимбаева М.А. оқушыларға іс-шараның мақсаты, кітаптың маңыздылығы туралы айтып өттіп кітапқа деген қызығушылықтарын арттыра түсті. Іс-шара барысында балаларға көркем әдебиеттен үзінділер оқылып, сүйікті кітаптары жайлы әңгімелесіп, «Кітап – білім бұлағы» атты кітап көрмесі таныстырылды. Сонымен қатар, «Ертегілер елінде», «Ойлан, тап!» атты танымдық тапсырмалар орындалып, «Кітапты қалай күтеміз?» тақырыбында сұхбат жүргізілді.Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді. Іс-шара соңында оқуға ұсынылатын кітаптар тізімімен танысты. Іс-шара оқушыларға кітап оқудың маңызын түсіндіріп, кітапханаға деген қызығушылықтарын арттырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: