«Балдәурен» лагерінде «Бірігіп шешейік!» командалық пазл жарысы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Балдәурен» лагерінде «Бірігіп шешейік!» командалық пазл жарысы
09
июнь
2025

«Балдәурен» лагерінде «Бірігіп шешейік!» командалық пазл жарысы

Мектеп демалыстары күндері

2024-2025 оқу жылының жазғы демалыс кезінде 

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ

 «Балдәурен» лагерінде 

«Бірігіп шешейік!» командалық пазл жарысы

Анықтама

Мақсаты:  – Командалық жұмысқа бейімдеу,

                  – Логикалық ойлау және кеңістікті қабылдау қабілетін дамыту,

 – Балалар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту,

                  – Бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізу.


     «Балдәурен» лагерінде «Бірігіп шешейік!» командалық пазл жарысы маусым   айының 10 жұлдызы  күні мектеп кітапханасында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында танымдық бағыттағы пазл құрастыру шарасы өткізілді. Балалар кітапхана ішіндегі жайлы әрі тыныш ортада үстел басына жиналып, түрлі тақырыптағы суреттерден тұратын пазлдарды құрастырумен айналысты.Шара барысында балалар шағын топтарға бөлініп, бір-бірімен ақылдасып, бөліктерді рет-ретімен орналастыра отырып, толық суретті шығаруға тырысты. Кейбір топтар жануарлар әлемі мен табиғат көріністеріне арналған пазлдарды таңдаса, өзгелері ертегі кейіпкерлері мен ғимараттар бейнеленген суреттермен жұмыс істеді.Пазл жинау процесінде балалар логикалық ойлау, көзбен көру, шыдамдылық және ұқыптылық дағдыларын көрсете білді. Сонымен қатар бір-біріне көмектесу, пікір алмасу, ортақ мақсатқа жету жолында ұйымшылдық танытты.Бұл шара кітапханадағы танымдық іс-шаралар қатарын толықтырып, балалардың шығармашылық қабілетін арттыруға және кітапханаға деген қызығушылығын оятуға септігін тигізді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: