«Ғарыш көрген үш қазақ» атты патриоттық тәрбие сағаты
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
«Ғарыш көрген үш қазақ» атты
патриоттық тәрбие сағаты
Өткізілген күні: 06 сәуір 2026ж.
Өткізілген орны: : мектеп кітапханасы
Мақсаты: оқушылардың патриоттық рухын көтеру, қазақ ғарышкерлерінің ерлігін насихаттау және ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектеп кітапханасында 2026 жылы сәуір айының 06 күнінде «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Ғарыш көрген үш қазақ» атты патриоттық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға қазақтан шыққан ғарышкерлер туралы мәлімет беру, олардың ерлігі мен елге сіңірген еңбегін насихаттау, жас ұрпақтың отансүйгіштік сезімін қалыптастыру. Тәрбие сағатында Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов туралы мәліметтер беріліп, олардың ғарыш саласындағы жетістіктері таныстырылды. Оқушылар ғарыш әлемі туралы қызықты деректермен танысып, патриоттық рухтағы ой-пікірлерімен бөлісті.
