«Біз бірлесіп Жеңіске жеттік» тақырыбында тәрбие сағаты » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Біз бірлесіп Жеңіске жеттік» тақырыбында тәрбие сағаты
05
май
2025

«Біз бірлесіп Жеңіске жеттік» тақырыбында тәрбие сағаты

Аманжол Тұрғымбаев атындағы№7 жалпы орта білім беретін мектебінде мамыр айының 05 күні 1-11 сынып оқушыларына «Біз бірлесіп Жеңіске жеттік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, майдан мен тыл ардагерлерінің ерлігін ұлықтау және оқушылардың бойында патриоттық сезім мен елжандылықты қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік шара. Мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың бірлігі мен батырлығын насихаттау.
- Жеңіске әр ұлттың қосқан үлесін танытып, бейбіт өмірдің қадірін ұғындыру.
- Ардагерлердің ерлігі мен еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу.
- Патриотизм, ұлтжандылық және Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.
        Тәрбие сағаты барысында оқушылар Ұлы Жеңіске арналған өлеңдер оқып, ардагерлер туралы деректермен бөлісті. Соғыс жылдарындағы халықтың бірлігі, майдандағы батырлық пен тылдағы ерен еңбек туралы бейнероликтер көрсетіліп, тарихи деректер негізінде ашық әңгіме өткізілді. 
       Тәрбие сағаты оқушылардың бойында тарихи сананы, отансүйгіштік пен үлкендерді құрметтеу сезімін қалыптастыруға ықпал етті. Іс-шара жас ұрпақты ел тарихына деген жауапкершілікпен қарауға, бейбіт өмірдің маңызын түсінуге және Жеңістің құндылығын бағалауға тәрбиеледі.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: