«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінің 2024 жылдың қараша айының 26 күні. « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Алаш қайраткері-Міржақып Дулатов» атты тәрбие сағатында 9 «Ә» сынып оқушыларымен Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығын танып.Оқушыларға ұлтшылдық, тәуелсіздік, және қоғам үшін күрес ұғымдарын түсіндірілді. Іс-шараны ашып, Мыржақып Дулатовтың қысқаша өмірбаяны ,туған жері, білім алу жолы, қоғамдық қызметі туралы таныстырылды. "Оян, қазақ!" поэмасының мәні мен маңызы туралы әңгіме жұргізілді. Оқушыларға осы шығарманың қазақ қоғамының ұлттық сана-сезімін оятудағы рөлін түсіндірілді.Іс-шараның соңында оқушыларға Мыржақып Дулатовтың ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетіміздегі орны туралы мәлімет берілді. Оқушылар өз пікірлерін айтып, Мыржақып Дулатовтың шығармаларын оқу арқылы оның ұлт үшін атқарған еңбегін жақсырақ түсінуге мүмкіндік алды.