"Халықаралық Ғарышкерлер күні"
«Ғарыш көрген үш қазақ» кітап көрмесі
Өткізілген күні: 11 сәуір 2024ж.
Өткізілген орны: : мектеп кітапханасы
Мақсаты: ғарыш әлемі, ғарышкерлер күні туралы мағлұмат беру, ғарыш әлеміне саяхат арқылы ғарыш ғажаптарын ұғындыру, ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тереңдету.
2024 жылдың 11 сәуір күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ кітапханасында тәрбие жоспарына сәйкес, "Халықаралық Ғарышкерлер күні" мерекесіне орай кітапханада "Ғарыш көрген үш қазақ" атты кітаптар көрмесін ұсынды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Аттары аңызға айналған сол тұлпар топтың мүшелері – қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов .Біздің тұңғыш ғарышкеріміз Тоқтар Әубәкіровтің 24 жыл бұрынғы ғарышқа сапары Қазақстан Тәуелсіздігінің алтын бастауы болды. Екінші ғарышкеріміз Талғат Мұсабаев – жалпы жиынтығы 341 тәулікке созылған 3 ғарыш экспедициясына қатысты. Ол – ашық ғарыш кеңістігіне 8 рет шығып, 42 сағаттан астам уақыт болған тұңғыш қазақ. Айдын Айымбетов тәуелсіз Қазақстанның үшінші ғарышкері атанды.
5-6 сынып білім алушылар кітапхана қорынан алып оқыған ғарышкерлер түралы кітаптары бойынша ойларын ортаға салып, пікір алмасты.Кітапханашы толық нұсқасын QR код арқылы жүктеп алып, оқуға боладындығын айтып өтті.