«Балдәурен» лагерінде «Кітап ауруханасы» бұрышы
Мектеп демалыстары күндері
2025-2026 оқу жылының жазғы демалыс кезінде
Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ
«Балдәурен» лагерінде
«Кітап ауруханасы» бұрышы
Анықтама
Мақсаты — оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапты күтіп ұстауға, қорғауға баулу, кітапқа деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
2026 жылғы 12 маусымда жазғы лагерь аясында мектеп кітапханасында 1–5-сынып оқушыларының қатысуымен «Кітап ауруханасы» атты тәрбиелік-танымдық іс-шара өткізілді.Шара барысында оқушылармен кітаптың құрылымы, маңызы және құндылығы туралы әңгіме жүргізілді.Жыртылған, бүлінген кітаптар "емделіп", қайта қалпына келтірілді,оқушылар "кітап дәрігері" ретінде өз бетімен кітап жөндеуге қатысты.Кітапқа деген қамқорлықты насихаттайтын жұмбақтар, ойындар, мини-сұхбаттар ұйымдастырылды.Шара соңында белсенді оқушылар мадақталып, кітапханашы тарапынан кітапқа деген ұқыптылықтың маңызы ерекше атап өтілді.Іс-шара жоғары деңгейде өтті, оқушылар белсенділік танытты және кітапқа деген құрметі арта түсті. 


