Патриот" әскери- патриоттық айлығына сай №11971 әскери бөліміне саяхат » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Патриот" әскери- патриоттық айлығына сай №11971 әскери бөліміне саяхат
18
апрель
2025

Патриот" әскери- патриоттық айлығына сай №11971 әскери бөліміне саяхат

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 09 сәуір мен 9 мамыр аралығында өткізілетің "Патриот" әскери- патриоттық айлығының жоспарына сай, ағымдағы жылдың 18 сәуір күні №11971 әскери бөліміне саяхатқа барды. Әскери бөлімге жасалған саяхат – оқушылардың әскери қызмет туралы түсінігін кеңейту, Отан қорғаушылардың күнделікті өмірімен таныстыру және патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған танымдық-тәрбиелік іс-шара. Саяхаттың мақсаты - оқушыларға Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылымы, қызметі және маңызы туралы мағлұмат беру.
- Әскери қызметтің жауапкершілігін түсіндіру және болашақта Отан алдындағы борышты өтеуге қызығушылық қалыптастыру.
- Патриоттық тәрбие беру, әскери рухты көтеру.
        Саяхат барысында оқушылар әскери бөлімнің қызметімен, қару-жарақ түрлерімен, техникамен және жауынгерлік даярлықпен танысты. Сонымен қатар, сарбаздардың күн тәртібі, жауынгерлік жаттығулар, спорттық дайындық, саптық рәсімдер көрсетілді. Әскери қызметкерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
         Әскери бөлімге саяхат оқушылардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттырып, Отан қорғау ұғымының маңызын терең ұғынуға ықпал етті. Іс-шара патриоттық сезімді оятып, жастар арасында елін, жерін құрметтеуге тәрбиелейтін маңызды қадам болды


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: