Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған шығарма жазу байқауы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған шығарма жазу байқауы
24
апрель
2025

Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған шығарма жазу байқауы

Аманжол Тұрғымбаев атындағы№7 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 15- 25 күндері аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында үздік шығарма байқауы өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына орай ұйымдастырылған шығарма жазу байқауы — жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық тәрбие беру мақсатындағы іс-шара. Патриоттық тақырыптағы шығарманың мақсаты- Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру арқылы жас ұрпақты елін сүюге, ата-баба ерлігін құрметтеуге баулу;
- Қазақстан Қарулы Күштерінің рөлі мен маңызын таныту;
- Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, тарихқа қызығушылығын ояту;
- Тәрбиелік мәні зор патриоттық көзқарасты қалыптастыру.
        Байқауға қатысушылар ерлік пен қаһармандық туралы, батырлардың өмірі мен майдандағы оқиғалар жайлы ой толғап, Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі әскерінің маңыздылығы туралы пікірлерін білдірді. Шығармада тарихи оқиғалар мен бүгінгі бейбіт өмір арасындағы байланыс көрініс тапты. Жас буынның көзқарасы мен ұстанымы арқылы өткен мен болашақ сабақтастығы көрініс берді. Шығарма байқауы оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастырып, олардың ел тарихына, әскери ерлікке деген құрметін арттырды. Іс-шара жастар арасында патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайтудың тиімді құралы болды. Байқау қорытындысы бойынша үздік шығармалар марапатталып, мектепте және жергілікті деңгейде насихатталды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: