Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған сурет салу байқауы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған сурет салу байқауы
30
апрель
2025

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған сурет салу байқауы

Аманжол Тұрғымбаев атындағы№7 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 21-30 күндері аралығында 5-7 сынып оқушылары арасында үздік сурет салу байқауы өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 33 жылдығына арналған сурет салу байқауы – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен тарихи сананы қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілген тәрбиелік мәні жоғары іс-шара. Мақсаты:
- Сурет өнері арқылы Жеңістің тарихи маңызын және қазіргі Қазақстан әскерінің рөлін насихаттау.
- Оқушылардың шығармашылық ойлауын, эстетикалық талғамын және өнерге қызығушылығын арттыру.
- Ұлы ерлікті құрметтеуге және бейбіт өмірдің қадірін білуге тәрбиелеу.
Байқауға әр жастағы оқушылар қатысып, соғыс жылдарындағы батырлар бейнесі, Жеңіс символдары, қазіргі әскери қызметкерлер мен Тәуелсіз Қазақстан әскерінің келбетін бейнелейтін суреттер салды. Шығармаларда ерлік, батырлық, бейбіт өмір, бірлік пен Отанға деген сүйіспеншілік идеялары көрініс тапты. Байқау мектеп деңгейінде өткізілді, үздік жұмыстар көрмеге қойылып, марапаттар табысталды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: