23
апрель
2025
Ардагерлерге қамқоршылық көмек көрсету
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде сәуір айының 23 күні ардагерлерге қамқоршылық көмек көрсету – соғыс және еңбек ардагерлеріне құрмет көрсетіп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қолдау көрсетуге бағытталған қайырымдылық және тәрбиелік сипаттағы іс-шара. Мақсаты: -Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайту және ардагерлерге құрмет сезімін тәрбиелеу.
- Ардагерлердің өмірлік тәжірибесіне, еңбегі мен ерлігіне тағзым ету.
- Оқушылардың мейірімділік, қамқорлық, әлеуметтік жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Мектеп оқушылары мен ұстаздар тобы ардагерлердің үйлеріне барып, тұрмыстық көмектер көрсетті: аула тазалау, азық-түлік жеткізу, дәріханадан дәрі-дәрмек әкелу, бір күндік шаруаларға жәрдем беру. Сонымен қатар, оқушылар ардагерлермен сұхбаттасып, олардың естеліктерін тыңдады.
Ардагерлерге қамқорлық көрсету – тек көмек беру ғана емес, сонымен қатар жастарды рухани-адамгершілік тәрбиеге баулудың нақты жолы. Мұндай іс-шаралар оқушылардың бойында үлкендерге құрмет, жанашырлық пен елжандылық сезімін қалыптастырады. Ардагерлер үшін де бұл – қоғам тарапынан көрсетілген зор құрмет пен қолдаудың белгісі.