8 сынып ашық сабақ суреттері » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
июнь
2018

8 сынып ашық сабақ суреттері

Пәні: Қазақ тілі Күні:
Сынып: 8 «А»
Сабақтың тақырыбы:Жай сөйлемнің түрлері
Сабақтың мақсаты: Жай сөйлем туралы білімдерін тереңдету. Жай сөйлемнің түрлерін білу.
Міндеттері:
1. олардың түрлері, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.
2.жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, лицеистердің ой-өрісін, тіл байлығын кеңейту.
3.Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты,таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас
Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, Ыстық орындық, Кім жылдам? Автор орындығы, семантикалық
карта
Сабақты дидактикалық материалдармен қамту: слайд, қосымша материалдар, , кесте толтыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика
Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)
Күтілетін нәтиже: өз ойын ортада еркін жеткізеді; сабаққа қызығушылықтары артады; топта
жұмыс жасап ынтымақтастыққа үйренеді;
Сабақтың жоспары

Кезең Сабақ бөлімдері
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Қолданған
әдіс-тәсілдер
Білім
5 мин Ұйымдастыру кезеңі










Бағалау критерийлері-мен таныстыру.









Үй тапсырмасын
тексеру Сәлемдесу .
Топқа 1,2 санын санау арқылы бөлінеді.





Психологиялық ахуал туғызу. Мен сендерді көргеніме қуаныштымын. Енді бір-бірімізге жылы, жақсы сөздер, тілектер айтайық.

Кім қанша сұраққа жауап берсе, сонша смаликке ие болады.
Бір-бірлеріңді бармақпен және қолды-қолға соғу арқылы бағалайсыздар. Топ басшылары келесі топты балл қою арқылы бағалайды.
Бағалау критерийлері түсіндіріледі.
«5» - 5-6 балл, «4» - 4-3 балл, «3» - 3-2 балл, «2» - 2-1 балл
Топ жұмысты қорғағаннан кейін топтардың бағалаулары жүргізіледі.

Оқшау сөздер туралы не білеміз?
Туған жер туралы өлеңдерін жатқа оқу
Амандасады
1 саны - 1-топқа отырады.
2-саны - 2-топқа отырады.
Топ басшыларын сайлайды.
бір-біріне жақсы тілектер, жылы сөздер айтады.


Топ бір-бірін, өз-өздерін, топ-топты және топ басшылары келесі топты балл қою арқылы бағалайды.






Бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. Жаттаған, өздері шығарған өлеңдерін айтады.

Бір-бірімен қол алысады


Қимылмен көрсету.





Қималар










Ыстық орындық
Автор орындығы

Түсіну
3 мин Жаңа сабақ
Мен сабақты қалай бастаймын?
«Ой шақыру» І топ: Бүгінгі күнгі бір әрекетіңіз. /Сабаққа келдім/
Бүгінгі күнгі табиғат көрінісі. /Қыс. Қалың қар. Әлсіз жел/
ІІ топ: Екі топтың мысалы арқылы алдарыңыздағы ережені дәлелдеп шығыңыздар.
/Біреудің бір әрекетін немесе бір нәрсенің күйін атап, жай ойды білідіріп тұруын жай сөйлем дейміз./
-Бүгінгі сабақтың тақырыбы - Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Грамматикалық тақырыпты түсінеді.
Мысалдар келтіріледі
Сабақтың тақырыбын айтады.
Сыни ойлау







Сұрақ-жауап

Қолда-ну
10 мин











Оқыңыз. Түсініңіз.
 Жеке жұмыс
 166-жаттығу. Мәтінді мұқият оқып, бір-біріңе мазмұндап беріңдер. Қарамен берілген жай сөйлемдерді көшіріп жазып, жай сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңдар.
Тапсырмаларды орындайды
Сәйкестен-діру тесті

Талдау
10 мин Бекіту Топтық жұмыс
Нұршат Оразақынованың сатылай кешенді талдау технологиясы бойынша
І топ. 167-жаттығу. Бір сөйлемге синтаксистік, бір сөзге лексикалық, бір сөзге фонологиялық сатылай кешенді талдау жасаңдар.
ІІ топ. 170-жаттығу. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Өлең жолдарын қарасөзбен, жай сөйлем түрінде жазыңдар.
Ітоп
1.Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем.
2. Ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел сөйлем.
3.Бастауыш болмайтын баяндауышы негіз болатын сөйлем.
4. Ойға қатысты мүшелердің бірі түсіріліп айтылған сөйлем.
5. Бастауышы бар, жасырын тұратын сөйлем.
6. Бір ғана интонациямен айтылып, бір ғана ойды білдіретін сөйлем.
ІІ топ
1. Мәскеуге барып келді.
2. Бізге өнер – білім керек.
3. Ертең серуенге шығамыз.
4. Оның айтқанын түсініп болмайды.
5. Менің қарап отырғым келмейді.
6. Оның іші пысты.
Тапсырмаларды орындайды Топтық жұмыс

Сатылай кешенді талдау




Кім жылдам?
Жинақ-тау
6 мин
Қорыту
Тапсырманы орындайды Семантикалық карта
Бағалау
3 мин














3 мин





2 мин









3 мин














Үйге тапсырма





Қорытынды сөз








Кері байланыс
Графикалық диктант.Жай сөйлемнің әр түрінен сөйлемдер оқылады. Оқушы сөйлемнің қай түріне жататынын тауып, координат системасынан Х осіндегі орналасқан сөйлемдер арқылы У осіндегі сөйлемнің түрлерімен қиылысын нүкте арқылы белгілеп алып, әр нүкте арасын кесіндімен қосу керек. Қай топтың бірінші әрі дұрыс график сызғаны анықталады
1. Қарлығаштар тағы келді.
2. Абайдың ұғына түскісі келді.
3. - Қайдан келдің? – Астанадан
4. Алтын кездік қап түбінде жатпайды.
5. Қара бұйра жер. Көк торғын аспан.
6. Едіге ұзақ жол жүрді.
7. Біздің ашық сөйлесуіміз керек.
8. Жаңбыр сіркіреп тұр.
9. Ол шиті мылтықпен киік атып әкелді.
168-жаттығу. Мәтінді оқып, қарамен берілген сөйлемдерді жазып, синтаксистік сатылай кешенді талдау жасау.
169-жаттығу. «Мен шығарған таңғажайып оқиға» тақырыбында мәтін жазу.
Ережені жаттау.
Құрметті оқушылар, міне бүгін сабақ сәтті өтті.Ол сіздердің белсенділіктеріңіздің арқасында. Сабақ басталмас бұрын біз сабақтың сәтті өтетініне сенімді болдық.Себебі біз -сіздерге сенім арттық. Адамға сенім артқан жөн. Сенім арту арқылы біз басқаларға жауапкершілік жүктейміз. Енді барлығымыз орнымыздан тұрып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп қояйық.
Стикерлерге жазамыз:
Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?
Нені түсінбедіңіз?
Тапсырманы топпен орындау






Топ басшылары баллдарын есептеп келесі топты бағалайды.




















Кері байланыс парағын толтырады.


Топтық жұмыс






Бағалау





















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: