Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»
Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Отыз бірінші қара сөзі»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың Абай Құнанбайұлының «Отыз бірінші қара сөзі» туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
1. Мәтіннің танымдық сипатын, құрылымдық бөліктерін өздері байқай алатын, түсіне алатын нәтижеге қол жеткізуге, оқып-түйгендері жайлы ой қорытындыларын топтасып, жұптасып ой-пікірлесуге, бір-біріне түсіндіру арқылы ұжымдық шығармашылық жұмыс жүргізе білуге дағдыландыру.
2.Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік
қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі
алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру. Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа
жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту.
3.Ұлы ақынның еңбектерін оқи отырып, елін сүюге, адамгершілік, адалдық, ізгілікке ғылым-білімді меңгерген көкірегі
ояу азамат болуға баулу.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: топтық
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс, түсіндіру әдісі, диалог құрау, талдау әдісі.
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Абай портреті,слайд-шоу, кітап бұрышы, үнтаспа
Күтілетін нәтиже: Ой толығады; қарасөз қадірін түсінеді; өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстыра біледі; әрекетті сыни бағалауды үйренеді; сөйлеу мәнері қалыптасады; сұхбат арқылы кері байланысты үйренеді.
Сабақтың жоспары
Сабақ кезеңдері |
Жұмыс түрлері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданған ресурстар |
Нәтиже |
Ұйымдастыру кезеңі Білу 4-мин
|
1.Мотивациялық - бағдарлау кезеңі Баяу музыка қойылады.
2.Топқа бөлу, топ басшыларын сайлау, бағалау критериилерімен таныстыру(сабақтың соңында топ басщылары топ мүшелерін бағалайды) Жүрек жылуын тарату Алтын ереже |
Сәлемдеседі, сыныпта жайлы ахуал туғызу.
Топқа бөлу : партаға үш түрлі қималарды қояды. Топ жеткшілерін сайлау. Жағымды психологиялық ахуал орнату (бір-біріне қолдарын беріп, амандасу, тілек айту)
Бағалау критерлері туралы түсіндіру
Алтын ережені еске түсіру
Бүгінгі
сабағымызды: |
Сәлемдеседі,өз-өздеріне сенімділік туғызады 3 топқа бөлінеді. 1-топ: Қайрат 2-топ: Ақыл 3-топ: Жүрек
Топ жетекшілерін сайлайды. Бір-біріне қолдарын беріп амандасу, жылы тілек айту.
Бағалау критерлері туралы түсінеді.
Алтын ережені бірге оқиды.
|
Сұрақ-жауап
Түрлі-түсті қағаздар
Топ аттары жазылған қималар
Қималар
|
Топқа бөлінудің түрлерін үйренеді
Сабақты жақсы көңіл-күймен бастауды үйренеді.
|
Үй тапсырмасын сұрау Түсіну 10 мин
|
Сабақтың мақсатын талдау
|
І топ Абай Құнанбаев кім? ІІ топ Абай Құнанбаевтың шығармалары туралы айт. ІІІ топ Абай Құнанбаевтың қанша қарасөзі бар? Әр топтан бір оқушы Абайдың «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ өлеңін және басқа өлеңдерін жатқа оқиды |
Қағаз бетіне түсіреді
Өлеңдерін жатқа оқиды |
Қағаз, маркер
|
Жатқа айтуға, ойлануға, талдауға, есте сақтауға үйренеді. |
Қолдану 5мин |
Жаңа сабақ
1.Қызығушылығын ояту
Оқулықпен жұмыс
|
Аудиотаспадан Абайдың 1- қара сөзін тыңдата отырып, қара сөз жазудағы мақсатымен таныстыру. 1.Қара сөз дегеніміз не? 2.Абайдың қанша қара сөзі бар? Отыз бірінші қара сөзі Мәтінмен жұмыс.
Мәтінде қандай түсініксіз сөз кездеседі?
Отыз бірінші қарасөзін аудиотаспадан тыңдау. |
сұраққа жауап береді
Мәтінді өз топтарында оқып, келесі топқа түсіндіру.
Сөздікпен жұмыс. (дәптерге, тақтаға жазу) |
аудиотаспа
Жигсо әдісі
сөздік
Аудио таспа |
сыни тұрғыдан ойлануға талпынады, еркін сөйлеуге дағдыланады.
Мәтінді өз бетінше оқып, бір-біріне түсіндіруге, талдауға үйренеді. Есте сақтау сауаттылығы артады, бір-бірін тыңдауға үйренеді.
сөздікпен жұмыс жасауға үйренеді
|
Бекіту Талдау 10 мин
|
1.Ой – қозғау сәті.
2.Асыл сөздің жалғасын тап.
Сергіту сәті |
Осы беттің QR-коды:
|