"Жас маман - 2017" байқауы
Тақырыбы:«Үздік жас маман»
І. Жүргізуші:- Қайырлы күн, ұстаздар және жас мамандар!
ІІ. Жүргізуші:- «Үздік жас маман!» атты жас мамандар сайысына қош келдіңіздер!
І. Жүргізуші:
«Мұғалім - тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені, ел болашағының кілті - бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші - ұстаздардың қолында.
ІІ. жүргізуші:
Ұстаз кім? Ұстаздық не? Ұғамын ба,
Әлде ол қарапайым мұғалім ба?
Беттерін ұстаз дастан парақтасаң,
Жанымды толтырады бұла мұңға.
І. жүргізуші:
Ұстаз! Ол - ақыл ойдың кені емес пе?
Көш бастар замананың ері емес пе?
Жатталып кейінгіге хаты қалған,
Ұстаз ол - күллі әлемнің нұры емес пе?
ІІ. жүргізуші:
Осы орайда ұстаздықты жүрек қалауымен таңдап, жоғары және арнаулы оқу орындарын ойдағыдай аяқтап, ортамызға келіп еңбек жолын жаңа ғана бастап жатқан жас мамандарға қадамдарың құтты, еңбек жолдарың сәтті болсын деген тілек білдіреміз.
І. жүргізуші:
«Жас маман деген кім?
Ж - жігерлі
А - алғыр
С - сұлу да сымбатты
М - мақсаткер
А - айтқанды екі етпейтін
М - мінезі жайсаң
А - арманшыл
Н - насихатты тез қабылдайтын жан.Олай болса жас мамандарымызды ортаға шақырамыз.
ІІ жүргізуші:
Уан, ту, сри деп үйреткен
Ағылшын тілінде сөйлеткен
Біздің Лаура әрқашан
Бақытын тауып жүр еңбекпен.
І. жүргізуші:
Байымбетова Лаура Бахытовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Ұстанымы: «Шыдаудың өзі ащы болса да, жемісі тәтті.»
Тәлімгері: Жақсымбетова Анар Әлімбайқызы.
ІІ. жүргізуші:
Ойында мейірім, ақ тілек.
Жүреді әр кез, бақ тілеп.
Алина біздің қашанда
Сыпайы, әрі ақ жүрек.
І. жүргізуші:
Есенбаева Алина Жұмабекқызы география пәнінің мұғалімі
Ұстанымы «Білсе білім - күнде бақыт кісіге,
Үлкен атақ содан келер кішіге»
Тәлімгері: Қоңқабаев Нұржау Әбдімомынұлы
ІІ. жүргізуші:
Сабырлы, әрі салмақты,
Өзі сондай байсалды
Биология пәні ұстазы
Жанат біздің жан - жақты.
І. жүргізуші:
Тұрғанбаева Жанат Амандыққызы биология пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Үш - ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»
Тәлімгері:Саркулова Айжан Серікқызы
ІІ. жүргізуші:
Математика сабағын
Қызықтырып өткізген
Динараның Бар бойынан
Ізгілікті табасың
І. жүргізуші:
Асылбекова Динара Бауыржанқызы математика пәнінің мұғалімі
Ұстанымы:
«Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
Тәлімгері: Абашева Эльмира Аллакуловна
ІІ. жүргізуші:
Спортты серік еткен өн бойына,
Жеті өнерді жинаған өз қолына
Сабырлы да, салмақты біздің Ілияс
Шығады әлі талай биік шыңға.
І. жүргізуші:
Қалдыбеков Ілияс Ерсінұлы денешынықтыру пәнінің мұғалімі
Тәлімгері: Қуандықов Ғалымжан Советханұлы
ІІ. жүргізуші:
«Баталы жан арымас...» дегендей жас мамандардың кәсіптік жолына, бүгінгі басталған сайыстың сәтті өтуіне ақжолтай тілек, ақ батасымен ортаға мектеп директоры:Бектұрғанов Бауыржан Тілешұлын шақырамыз.
І. жүргізуші:
Жас мамандар толқып тұрған болар, олай болса, күпті көңілді сейілтіп, көтеріңкі көңіл – күйге бастаушы жақсы әнмен ортаға шақырамыз.
Ән:Абашева Эльмира орындауында
ІІ жүргізуші:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа!
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?
Ендеше сіздердің өнерлеріңізді бағалап отыратын әділқазы мүшелерімен таныс болыңыздар.
І. жүргізуші:
1.Мектеп директоры: Бектұрғанов Бауыржан Тілешұлы
2. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары: Іңкәрбекова Гүлнар Толенқызы .
3. Мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:Канибетова Айгүл Мыңбайқызы
4. Жаратылыстану-математика ӘБ жетекшісі: Кадирсизова Гүлмира Кәріпбайқызы
5. Кәсіподақт комитетінің төрағасы: Абдукадыров Тахир Еркінұлы .
ІІ. жүргізуші:
Олай болса, сайысымыздың түрлерімен таныс болыңыздар.
І тур Таныстыру
Ескеріледі:
- Мазмұны
- Көрерменге әсер етуі
- Орындау шеберлігі
- эмоционалдығы
ІІ тур – Тұжырымдама.
ІІІ тур -Педагогикалық жағдаят.
ІV тур- Өнерлінің өрісі кең.
І. Жүргізуші:
Өнер көкке жеткізер
Өнер болса қолыңда
Өнершінің ырысы
Жарқырап жатар жолында.
ІІ Жүргізуші:
Бірінші кезең Таныстыру
1. Есенбаева Алина Жұмабекқызы географиы пәнінің мұғалімі
2. Асылбекова Динара Бауыржанқызы пәнінің мұғалімі
3. Қалдыбеков Ілияс Ерсінұлы денешынықтыру пәнінің мұғалімі
4.Байымбетова Лаура Бахытовна ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
ІІ тур – Тұжырымдама.
ІІІ тур -Педагогикалық жағдаят.
Келесі кезекте өнер өрге жүзгізер деп, жас мамандарымыздың өнерлерін тамашалайық ұстаздар өз өнерлерін ортаға салайық.
ІV тур- Өнерлінің өрісі кең.
Ескеріледі:
- Орындау шеберлігі
- Образдылығы
- Шынайылығы
- Көрерменді баурап алуы
І. Жүргізуші
«Біле білген білімді» (Педагогикалық жағдаят )
Ескеріледі:
Жағдайды шешу шеберлігі
- Педагогикалық - психологиялық сауаттылығы
- Түсінікті баяндауы
- Жедел әрі нақты жауап беруі
- Өзіне, жауабына сенімділігі
Ұстаздар мына жатқан конверттерді бір - бірлеп алып, онда жазылған жағдайлардан шығу жолдарын айтады.
1. Үй жұмысын тексеру үшін дәптер жинап алдыңыз. Бір оқушы дәптеріне сіздің суретіңізді салып, мазақ етіп жазып қойған. Не істер едіңіз?
2. Сіз сабақты слайд түрінде дайындап келдіңіз. Оны бір оқушы интерактивті тақтаны қосамын деп жүргенде бәрін өшіріп алды, не істейсіз?
3. Сізді бір жоғары сыныптың оқушысы ұнатып қалғанын айтып, дос болуға шақырды.Сіздің әрекетіңіз?
4. Мұғалім оқулық таратуда. Самат үндемей оқулықты апайға қайтарып берді.
Апай:
- Не болды? Неге қайтардың?
Самат:
- Ол жыртық.
Сіздің пікіріңіз...
5. Бір оқушы дәптерін бүлдіріп тастайды. Сіз, әрине, мықтап сөктіңіз.
Сізді сол күні кешке қонаққа шақырды.
Сол үйге жаңағы оқушы атасымен келді.
"Ата, мынау менің апайым, бүгін маған ұрысты,”- деп есіктен кірер - кірместенайқайлап жіберді. Қалай істер едіңіз?
6. Мұғалім сабаққа кіріп келді. Тақтада өзінің карикатурасын көрді. Балалардың ойынша мұғалім кінәлі оқушыны іздеп, сабақ өткізбейді. Не істеу керек?
7. Ата - ана кеңес алуға мұғалімге келді. Оның 13 жасар қызы өте жақсы оқиды, үлгерімі жақсы. Бірақ соңғы кезде қыз бен ата - ана арасында кейбір мәселе туындап жүр.
Ескертулерге қыз:
- Сендер мені жақсы көрмейсіңдер, үйден кетемін,- дейді.
Ата - ана бұдан қорқып, қыздың барлық жағдайын жасайды. Бұл жиі қайталанады. Ата - анаға берер кеңесіңіз?
8. Сіздің сыныбыңызда бір оқушы қыз Мемлекеттік емтиханға боянып келді. Емтихан алушы бір үлкен апай бояуын сүртіп келуді ескертіп, шығарып жіберді.
Оқушы үйіне кетіп қалды да, қайтып келмей қойды. Сіздің әрекетіңіз...
ІІ жүргізуші:
Сайысымыз да өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айту үшін әділ қазы мүшелеріне сөз береміз.
І жүргізуші:.
Ұстаз сөзі күн нұрына пара - пар,
Шәкірті оның әр сөзінен нәр алар.
Ізгілік пен мейірімге толы ол,
Шуақ болып жүректерге таралар.
ІІ жүргізуші:
Білімнің айдынында жүзіп өткен,
Ұстаз екен білімнің нәрін сепкен.
Сен арқылы бастау алып, дана ғылым,
Сен арқылы әлемді танып білген.- дей келе бүгінгі «Үздік жас маман» атты сайысымызды аяқтаймыз.
<!-- [if gte mso 9]> Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE <!-- [if gte mso 9]> <!-- [if gte mso 10]> /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-fareast-language:EN-US;}