19
май
2026
«Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында оқушылар арасында диктант
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 19.05.26 күні «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында оқушылар арасында диктант жұмысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Диктант барысында оқушыларға жаз мезгіліндегі қауіпсіздік, қоғамдық орындардағы тәртіп, жолда жүру ережелері және зиянды әрекеттерден аулақ болу туралы мәтін ұсынылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын сауатты жеткізе білді.
Іс-шара нәтижесінде білім алушылар құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсініктерін кеңейтіп, қауіпсіз әрі саналы демалыс өткізу қажеттігін түсінді.
Мектеп әкімшілігі тарапынан мұндай тәрбиелік бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.