«Заң және тәртіп» тақырыбында өткізілген дәріс » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң және тәртіп» тақырыбында өткізілген дәріс
15
май
2025

«Заң және тәртіп» тақырыбында өткізілген дәріс

Ағымдағы жылдың мамыр айының 15 күні 8 сынып оқушыларына «Заң және тәртіп» тақырыбында өткізілген дәріс – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау маңыздылығын түсіндіру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы.
Дәрістің мақсаты:
- Оқушыларға заң ұғымын, құқықтық нормалар мен тәртіп туралы түсінік беру.
- Құқық бұзушылық пен жауапкершілік арасындағы байланысты түсіндіру.
- Қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
- Құқық қорғау органдарының қызметімен таныстыру және оқушылардың оларға деген сенімін нығайту.
        Дәріске жергілікті полиция бөлімінің қызметкері арнайы шақырылып, құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары мен заң алдындағы жауапкершілік туралы мазмұнды баяндама жасады. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында жиі кездесетін тәртіп бұзушылықтар, олардың алдын алу жолдары нақты мысалдармен түсіндірілді. Оқушылар сұрақ қойып, пікір алмасты.
        Бұл дәріс оқушылардың құқықтық санасын қалыптастыруға, заңды құрметтеуге және жауапкершілікпен әрекет етуге тәрбиелеуге зор ықпал етті. Құқық қорғау органдары өкілінің қатысуы шараның мазмұндылығын арттырып, оқушылардың қызығушылығын оятты

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: