«Полиция — балалардың қорғаны» тақырыбында тәрбиелік іс-шара » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Полиция — балалардың қорғаны» тақырыбында тәрбиелік іс-шара
23
май
2025

«Полиция — балалардың қорғаны» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

Ағымдағы жылдың 23 мамыр күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Полиция — балалардың қорғаны» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізіліп, 125 білім алушы қамтылды.
Мақсаты:
- Оқушыларға полиция қызметінің маңызын түсіндіру.
- Құқық қорғау органдарына деген сенімді қалыптастыру.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтауға және тәртіпті болуға баулу.
- Балалар мен полиция арасындағы байланыс пен серіктестікті нығайту.
     Шараға жергілікті полиция бөлімінің өкілі мектеп инспекторы Қ.Шолпанбаев шақырылып, оқушылармен ашық кездесу өткізді. Полиция қызметкері өздерінің күнделікті жұмысы, балалардың құқықтары мен оларды қорғау жолдары туралы баяндады. Сонымен қатар, оқушылар қауіп төнген жағдайда кімге және қалай жүгіну керектігі туралы ақпарат алды. Сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқушылар белсенді қатысып, пікір алмасты.
      Іс-шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, полиция қызметіне деген оң көзқарасын қалыптастырды. Оқушылар қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға үйреніп, құқық қорғау органдарымен сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: