«Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып білім алушылары арасында кездесу өтті. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып білім алушылары арасында кездесу өтті.
21
февраль
2025

«Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып білім алушылары арасында кездесу өтті.

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2025 жылдың 21 ақпан күні «Құқықтық тәртіп-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы аясында «Құқық бұзушылық пен қылмыстың  алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып білім алушылары арасында кездесу өтті.  
Кездесуге: 
1.Меркы АПБ бастығынын кадр саясаты жонындегы орынбасары полиция майоры Б.Р.Байтемиров 
2.АПБ ЖПҚб  полиция   капитаны Е.Қасымов  
3.АІІБ ЖПҚБ ЮПТ  полиция лейтенанты Қ.Шолпанбаев
     Кездесудің мақсаты – білім алушыларға құқық бұзушылықтың мәнін түсіндіру, құқық бұзушылықтың түрлерімен таныстыру арқылы заңды құрметтеу, тәртіптік, азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық негіздерінен қазіргі заман тұлғасына ең қажеттерін іріктеп ала білуге үйрету.
     Кездесу барысында полиция қызметкерлері білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, кәмелет жасқа толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылыққа қарсы күрес бағытындағы ҚР Қылмыстық және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің нормаларын түсіндіріп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруге болмайтындығы және шылымнан, алкогольдік ішімдіктерден аулақ болу туралы айтып, ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік қозғалатынын түсіндіріп, толық мағлұмат беріп өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: