28
апрель
2025
«Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбындағы мектеп инспекторымен кездесу
Аманжол Тұрғымбаев атындағы№7 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың сәуір айының 28 күні «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау» тақырыбындағы мектеп инспекторымен кездесу – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың себеп-салдарын түсіндіру және оны болдырмауға бағытталған тәрбиелік, алдын алу шарасы болып табылады. Мақсаты: - Жасөспірімдерге құқық бұзушылық ұғымы, түрлері және оның заңдық салдары туралы түсінік беру;
- Оқушылардың құқықтық жауапкершілік деңгейін арттыру;
- Теріс әрекеттерден аулақ болуға, заң мен тәртіпке бағынуға тәрбиелеу;
- Мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайту арқылы жасөспірімдердің мінез-құлқын бақылауға алу;
- Қоғамдағы қауіпсіздік пен тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Кездесуге құқық қорғау органдарының өкілі, мектеп әкімшілігі, психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Олар жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқық бұзушылық түрлері (деструктивті мінез-құлық, ұрлық, төбелес, интернеттегі агрессия және т.б.) туралы айтып, нақты мысалдар келтірді. Құқықтық кеңестер беріліп, сұрақ-жауап, пікірталас форматында ой бөлісу ұйымдастырылды.
Кездесу оқушылардың құқықтық мәдениетін нығайтып, құқық бұзушылыққа бейім мінез-құлықтан сақтануға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар мектеп қабырғасында тәртіпті, заңды құрметтейтін, жауапкершілігі жоғары тұлға тәрбиелеудің маңызды құралына айналады