29
апрель
2026
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 34 жылдығына арналған сурет салу байқауы
Сәуір айының 20-30 күндері аралығында 5-7 сынып оқушылары арасында үздік сурет салу байқауы өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 34 жылдығына арналған сурет салу байқауы – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен тарихи сананы қалыптастыру, олардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында өткізілген тәрбиелік мәні жоғары іс-шара.
Мақсаты:
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 34 жылдығын атап өту.
- Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, тарихи жадыны, Отанға деген сүйіспеншілікті көркем өнер арқылы қалыптастыру.
- Дарынды оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Соғыс ардагерлерінің ерлігі мен қазіргі заманғы Отан қорғаушылардың еңбегін дәріптеу.
Байқау 2 кезеңмен өтті. I кезеңде оқушылар 2 сағат ішінде берілген тақырыптар бойынша қабырға газетіне немесе А3 форматта сурет салды. Техника еркін: қарындаш, акварель, гуашь.
II кезеңде қазылар алқасы жұмыстарды бағалап, көрме ұйымдастырды. Көрмені мектеп ұжымы, бастауыш сынып оқушылары тамашалады. Әр суреттің авторы өз жұмысын қысқаша қорғап, идеясын түсіндірді. Байқау мектеп деңгейінде өткізілді І орын 5 «А» сынып оқушысы Илесбайқызы Арайлым. І орын 5 «А» сынып оқушысы Рахат Ақерке. ІІ орын 7а сынып оқушысы Хайтпай Жандос. иеленді. Үздік үш жұмыс аудандық білім бөліміне жолданды.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысқан оқушылар мектеп директорының мақтау қағазымен марапатталды. Үздік жұмыстар мектептің «Ерлік бұрышына»қойылды.