8-10 сынып оқушылары арасында үздік шығарма байқауы өткізілді » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 8-10 сынып оқушылары арасында үздік шығарма байқауы өткізілді
23
апрель
2026

8-10 сынып оқушылары арасында үздік шығарма байқауы өткізілді

Сәуір айының 15- 24 күндері аралығында 8-10 сынып оқушылары арасында үздік шығарма байқауы өткізілді. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы мен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 34 жылдығына орай ұйымдастырылған шығарма жазу байқауы — жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру және патриоттық тәрбие беру мақсатындағы іс-шара. Патриоттық тақырыптағы шығарманың мақсаты- Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру арқылы жас ұрпақты елін сүюге, ата-баба ерлігін құрметтеуге баулу.
 Мақсаты:  
- Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы мен ҚР Қарулы Күштерінің 34 жылдығын ұлықтау.
- Оқушылардың бойында тарихи сана, ұлттық рух, патриоттық сезімді қалыптастыру.
- Оқушылардың жазбаша тіл мәдениетін, ойын көркем әрі жүйелі жеткізу шеберлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.
- Соғыс қасіреті, бейбіт өмір құндылығы, Отан қорғау борышы туралы ой қозғау.
        Іс-шара жастар арасында патриоттық сана мен азаматтық жауапкершілікті нығайтудың тиімді құралы болды. Байқау қорытындысы бойынша І орын  10а сынып оқушысы Исмағұл Жұлдыз. ІІ орын Беибыт Инкар 9ә,  Ізбасар Нұрайым 8ә  сынып оқушысы, ІІІ орын 8б сынып оқушысы Кабилова Хабиба. 8а Серикова Айнураға бұйырды. І орын алған білім алушынын жұмысын аудандық білім бөліміне жолданды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: