“Гаджет пен рухани даму”пікірталас
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
23 сәуір-Ұлттық кітап күні
“Гаджет пен рухани даму”пікірталас
Мақсаты: оқушылардың гаджеттердің адам өміріндегі пайдасы мен зиянын саралап, өз ойларын дәлелді түрде жеткізуіне және сыни ойлау қабілетін дамытуғабағытталды.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2026 жылы сәуір айының 16 күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай 8-сынып оқушыларымен
“Гаджет пен рухани даму”тақырыбында пікірталас жүргізілді.Шара барысында оқушылар екі топқа бөлініп, “Гаджет – пайдалы” және “Гаджет – зиянды” бағытында пікірталас жүргізді. Оқушылар өз көзқарастарын дәлелдеуарқылы қорғап, сұрақ-жауап кезеңінде белсенділік танытты. Сонымен қатар ой қозғау сұрақтары мен рөлдік ойындар арқылы тақырып тереңірек талқыланды.Іс-шара соңында гаджеттердің адам өміріндегі орны туралы ортақ қорытынды жасалды. Оқушылардың пікірінше, гаджет – дұрыс қолданылған жағдайда пайдалы құрал, ал шектен тыс қолдану рухани дамуға кері әсер етуі мүмкін.рухани даму үшін кітап оқу, ойлану және өзін-өзі дамыту маңызды екені айтылды.

