«Кітап – білім бұлағы» атты онкүндіктің қорытындысы
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
23 сәуір-Ұлттық кітап күні
«Кітап – білім бұлағы» атты онкүндіктің қорытындысы
Мақсаты–мектеп кітапханасы мен кітапханашының бағыт-бағдар беруі арқылы оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхана қорын тиімді пайдалана білуге үйрету.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде 2026 жылы 23 сәуір күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Кітап – білім бұлағы» атты онкүндіктің қорытынды іс-шарасы мектептің АКТ залында жоғары деңгейде өтті. Іс-шара барысында өткізілген түрлі мәдени-танымдық шаралар, кітап көрмелері, әдеби кештер мен байқаулардың нәтижелері сараланып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру бағытында атқарылған жұмыстар кеңінен таныстырылды. Белсенділік танытып, өздерінің білімге құштарлығын, шығармашылық қабілеттерін көрсеткен оқушылар мектеп директорының атынан арнайы марапаттарға ие болды.Шара барысында мектеп директоры сөз сөйлеп, жас ұрпақтың рухани дамуы мен білімге деген ынтасын арттыруда кітаптың алатын орны ерекше екенін атап өтті. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі атынан онкүндікке белсене қатысқан ұстаздар мен оқушыларға шынайы алғыс білдіріп, олардың еңбектеріне жоғары баға берді.


