«Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» көрме
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы»
«Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» көрме
Көрменің негізгі мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, балалар әдебиеті арқылы олардың танымдық қабілетін дамыту, рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру болып табылады.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2026 жылы сәүір айының 14 күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай «Балалар кітаптарының сиқырлы әлемі» көрмесіұйымдастырылды.Іс-шара барысында кітап көрмесі төрт негізгі бөлім бойынша таныстырылды: «Ертегілер әлемі», «Балалар жазушылары», «Қызықты хикаялар» және «Танымдық кітаптар». Әр бөлім бойынша оқушыларға қысқаша түсіндірме беріліп, мазмұндық шолу жасалды.Сонымен қатар, оқушылармен сұрақ-жауап және викториналық ойындар ұйымдастырылып, олардың кітап туралы білімдері мен ойлау қабілеттері тексерілді. Оқушылар іс-шараға белсене қатысып, жоғары қызығушылық танытты.Іс-шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталып, кітап оқуға деген ынталарын арттыруға бағыт берілді.

