«Балалар кітаптарының әлемі» кітап көрмесі
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай онкүндігі аясындағы
«Балалар кітаптарының әлемі» кітап көрмесі
Көрменің негізгі мақсаты – жас оқырмандарды балалар әдебиетінің үздік туындыларымен таныстыру, олардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және кітапқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2026 жылы сәуір айының 13 күнінде «Балалар кітапханасы»бағдарламасы аясында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған бұл көрме оқырмандарды кітап оқуға баулу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізілді. Көрмеде әр түрлі жанрдағы кітаптар, балалар әдебиеті, танымдық және көркем шығармалар ұсынылды. Іс-шара аясында оқушыларға арналған танымдық материалдар, кітап туралы қызықты мәліметтер мен шығармашылық жұмыстар таныстырылды. Көрменің негізгі мақсаты – кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жас ұрпақты білім мен парасатқа жетелеу. Көрме безендірілуі ұлттық нақышта ұйымдастырылып, келушілердің ерекше қызығушылығын тудырды. Іс-шараға 11 сынып оқушылары мен ұстаздар белсенді қатысты. Көрме оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, кітап оқуға деген қызығушылығын оятты.


