«Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына» әдеби кеш
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ
«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында
23 сәуір-Ұлттық кітап күніне орай онкүндігі аясындағы
«Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына»
әдеби кеш
Кештің негізгі мақсаты: оқушыларға қазақ зиялыларының рухани мұрасын насихаттау, дарынды оқушылардың шығармашылығын қолдау және жас ұрпақты өнер мен білімге баулу болды.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2026 жылы сәуір айының 22 күнінде «Балалар кітапханасы»бағдарламасы аясында 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Шығармашылық интеллигенция – Қазақстан балаларына»тақырыбында 11-сынып оқушысы Нарымбетов Шыңғысханғаарналған әдеби кеш өткізілді. Аталған шарада Нарымбетов Шыңғысханның поэзияға деген ерекше қабілеті таныстырылып, оның түрлі байқауларда жеткен жетістіктері көрсетілді. Кеш барысында оқушы өз шығармаларын мәнерлеп оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, ұстазы Баяқова Қуаныштыңшәкіртіне берген тәлім-тәрбиесі жайлы жылы лебіздері айтылды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тәрбиелік мәні зор болды. Бұл кеш жас таланттың шығармашылық жолына серпін беріп, басқа оқушыларға үлгі боларлықтай әсер қалдырды.

