«Қазіргі қазақ балалар жазушылары: жаңа есімдермен танысу» » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазіргі қазақ балалар жазушылары: жаңа есімдермен танысу»
17
апрель
2026

«Қазіргі қазақ балалар жазушылары: жаңа есімдермен танысу»

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББМ

 «Балалар кітапханасы» бағдарламасы  аясында

«Балалар әдебиеті – рухани тәрбие бастауы» 

«Қазіргі қазақ балалар жазушылары: жаңа есімдермен танысу»

Мақсаты – жас қаламгерлерді таныстыру, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және шығармашылыққа баулу.

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 ЖОББ мектебінде 2026 жылы сәуір айының 17 күні 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай  «Қазіргі қазақ балалар жазушылары: жаңа есімдермен танысу» тақырыбында  оқушылармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге мектебіміздің жас жазушылары: 11-сынып оқушысы Нарымбетов Шыңғысхан, 10-сынып оқушысы Қартбай Майра, 8-сынып оқушылары Зарип Индира мен Орын Адина,5-сынып оқушысы Сашкова Райса қатысты.

Іс-шара барысында жас ақындар өздері жазған өлеңдерін мәнерлеп оқып, тыңдармандарға ерекше әсер сыйлады. Сонымен қатар, олардың шығармалары «Мөлдір бұлақ» журналы мен «Білім әлемі» газеттерінде жарияланғаны атап өтілді. Олар өз шығармашылық жолдары туралы айтып, оқушылармен пікір алмасты.

Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, еркін форматта мазмұнды әңгіме өрбіді. Кездесу әсерлі әрі тағылымды өтті.

Жалпы, шара өз мақсатына жетіп, жас таланттарды қолдауға және әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: