ХАБАРЛАНДЫРУ » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
16
апрель
2026

ХАБАРЛАНДЫРУ

Ата - аналар назарына!
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің әкімшілігі 2025-2026 оқу жылындағы соңғы қоңырау, қорытынды аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
• Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
• Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
• Оқушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында тау бөктеріне баруға, автокөлік шеруіне шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, демханаларға және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді.
• Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым салынады.
• Қорытынды аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу – әрбір оқушы үшін міндет.
📌Ескерту:
Аталған талаптар 4,9,11- сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты.
Бұл шектеулер – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.
Құрметті ата-аналар! Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, балаларыңыздың қауіпсіздігіне бейжай болмауларыңызды сұраймыз. Біз балаларға сапалы білім мен тәрбие беруді абыройлы міндет деп санаймыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: