ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
15
май
2025

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.


2024-2025 оқу жылындағы "Соңғы қоңырау" мен қорытынды аттестаттау кезеңінде келесі маңызды ережелерді назарларыңызға салады:
 
 !! ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
 
 
Бітіруші 4 және 9-11 сынып оқушыларынан мектеп қажетіне ақша жинау;
 
АниматорларАниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру;
 
Мектеп әкімшілігі мен мұғалімдерге қандай да бір сыйлықтар беру ;
 
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті заттар үшін қаражат жинау ;
 
Оқушылардың автокөлік шеруіне қатысуы, ойын- сауық, мейрамхана, саябаққа баруы ;
 
Қорытынды аттестаттау кезінде ата- аналардан ақша жинап, мерекелік дастархан ұйымдастыру.
 
 
️ МАҚСАТЫ:
 
Бұл шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау үшін енгізілді.
 
 МАҢЫЗДЫ!
 «Соңғы қоңырау» іс- шарасы кезінде оқушыларға қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, тек бір ата- ана немесе заңды өкілдің қатысуы талап етіледі. Бұл – кешенді қауіпсіздік шарасының бір бөлігі.
 
 ҚҰРМЕТТІ, АТА- АНАЛАР, жоғарыдағы талаптарды ескере отырып, балаларыңыздың қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
 
 
📌Біз үшін басты мақсат- сіздің балаңызға сапалы білім мен саналы тәрбие беру!
 
📌Кез келген сұрағыңыз болса, біз әрдайым ашықпыз байланыста болайық!




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: