Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
05
май
2025

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің  «А.Тұрғымбаев атындағы № 7 жалпы орта білім беретін мектеп» 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

Хаттама №4


Интернационал ауылы                                                        Күні: 5.05.2025 ж.


Қатысқандар: 

Ата-аналар – 51

Мұғалімдер – 35 

Барлығы – 86 



«Бала қауіпсіздігі – басты  міндеттердің бірі»

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер

  1. 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, 5-8, 10 сынып оқушыларының аралық емтихан мәселелері және 9-11 бітіруші сыныптарының мемлекеттік емтихан тапсырмалары, мектеп қабырғасында өтілетін түрлі салтанатты шараларға ешбір қаражат жиналмауы және қосымша әртүрлі мәселелер бойынша 

                                                                ДОІЖО Инкарбекова Г.Т.


  1. 2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы  

                                                                ДТІЖО Канибетова А.М.


  1. «Бала қауіпсіздігі басты назарда!» жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, жол апаттарының алдын алу. Балалардың жаз мезгілінде өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

                                                                     ДҚТЖО Шалданбаев Н.Б. 


  1. 2025-2026 оқу жылында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар 

                                                                     ДТІЖО  Канибетова А.М.



Тыңдалды: 

     Бірінші мәселе 2024-2025 оқу жылының аяқталуы, 5-8, 10 сынып оқушыларының аралық емтихан мәселелері және 9-11 бітіруші сыныптарының мемлекеттік емтихан тапсырмалары, мектеп қабырғасында өтілетін түрлі салтанатты шараларға ешбір қаражат жиналмауы және қосымша әртүрлі мәселелер 


Сөз мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Инкарбекова Г.Т. берілді. 

Орта білім беру ұйымдарында 2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін түсіндіріп өтті, білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындау туралы «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2024 жылғы 10 шiлдедегi № 174 бұйрығы негізінде 2025 жылдың 25 сәуір күні мектеп директорының № 137 бұйрығы шықты. Қорытынды аттестаттаудың мынадай мерзімдері бекітілді: 9 -сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 10 маусым аралығында; 11 -сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2025 жылғы 30 мамырдан бастап 13 маусым аралығында. 9-сынып оқушылары үшін: 1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 29 мамыр; 2) қазақ тілі/орыс тілі және ұйғыр/тәжік/өзбек тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін - жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2025 жылғы 2 маусым; 3) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (биология, география) – 2025 жылғы 5 маусым; 4) қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 10 маусым; 

11-сынып оқушылары үшін: 1) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 2025 жылғы 30 мамыр; 2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 4 маусым; 3) қазақ тілі/орыс тілі бойынша ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан – 2025 жылғы 9 маусым; таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, дүниежүзілік тарихы,  шет тілі (ағылшын тіл) – 2025 жылғы 12 маусым; 5) қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 2025 жылғы 16 маусым. 

     24 мамыр күні мектеп бітіруші түлектер үшін «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны өтеді. «Соңғы қоңырау»  салтанатын жоғары мәдениетпен, ысырапшылдықсыз, даңғазалықсыз, рухани-адамгершілікпен  жоғары деңгейде өткізуге шақырамын, салтанатты шараларды өткізген кезде сыбайлас құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында іс-шараны өткізуге, не болмаса аниматорларды, мерекелік кеш ұйымдастыратын агенттіктерді жалдау үшін және педагогтар мен мектеп әкімшілігіне сыйлық жасау бойынша қаражат жинауға тыйым салынатыны туралы яғни ақшалай не заттай сыйлықты беріп жатқан да, оны алған тұлға да Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатындығы туралы  ескертетінін айтты.

Екінші мәселе 2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы 

     Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Канибетова Айгуль Мынбаевна 2025 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы таныстырып өтті. Жазғы демалыс маусымында 1-10 сынып аралығында жазғы сауықтыру және көгеріштендіру шараларына, жоғарғы сынып оқушылары еңбекпен қамтылады. Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі және балалардың шығармашылық дамуына, олардың рухани әлемі мен интеллектін байытуға мүмкіндік болып табылады.


   Үшінші мәселе «Бала қауіпсіздігі басты назарда!» жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, жол апаттарының алдын алу. Балалардың жаз мезгілінде өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету 

   Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Шалданбаев Нұржан Байгабылов «Бала қауіпсіздігі басты назарда!» жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, жол апаттарының алдын алу. Балалардың жаз мезгілінде өмір қауіпсіздігі, жол және суда шомылу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша сөз кезегі берілді. Қазіргі қоғамды алаңдататын өзекті мәселелер –  балаларымыздың әлеуметтік желілердегі қауіпсіздігін, жолда жүру ережелерін сақтау, оқу жылының аяқталуына байланысты соңғы қоңыру іс-шарасы кезіндегі қауіпсіздіктер, авто көліктермен шеру жасамау, кәмелет жасқа толмаған балаларға электро скутер және мопед айдауға тиім салынатыны туралы, жаз мезгіліндегі су, тоқ қауіпсіздігі, заңды өкілдерінсіз түнгі мезгілде оқушылардың жүрмеуі туралы ата-аналарға толық түсіндірді. Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді басқара алатын және оларды психикалық және физикалық қауіп-қатерге душар ететін қауіпті онлайн ойындардың зардаптары мен  интернеттегі қауіптер, шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг, балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған  онлайн ойындар, баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін  кітаптар мен сайттар, әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар туралы ата-аналарға ескертті.

   Сондай-ақ, табиғат аясына серуендеу кезіндегі өмір қауіпсіздігі, түнгі мезгілде ата-аналарысыз көшеде жүрмеуі және т.б туралы айтты.

       Төртінші мәселе 2025-2026 оқу жылында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар туралы.

    Мектеп директордың тәрбие ісі жөнінідегі орынбасары Канибетова Айгуль Мынбаевна 2025-2026 оқу жылында оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар туралы   түсіндіріп өтті. ҚР «Білім туралы» Заңының 47 – бабының  15 – 1 тармағына сәйкес орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. 

   Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар, ата – анала мен оқушылардың міндеттері мектеп Жарғысында, соңдай ақ білім беру қызметтерін көрсету туралы келісімдері әрбір оқушының ата – аналары мен заңды өкілдері қол қойған ішкі тәртіп ережелерінде бекітілген. Мектептегі білім алушылардың  міндетті түрде бірыңғай «көк» түсті мектеп формасы,  ұлдардың шалбарының түсі –«көк», көйлегі «ақ» түсті, қыздардың юбкаларының түсі «көк» тізеден 5 см. төмен, «ақ» жейде (кофта), шаштарына «ақ» бантик. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма 1-4 сынып білім алушыларына «сары» футболка, «қара» спорттық трико, 5-7 сынып білім алушыларына «ашық көк» футболка, «қара» спорттық трико, 8-11 сынып білім алушыларына «ақ» футболка, «қара» спорттық трико, спорттық аяқ киім (кросовка, кеды). Оюы бар түрлі- түсті жикеткалар мерекелік іс-шараларда, ашық сабақтарда кисе болады. Біз бірыңғай мектеп формасын қолдаймыз. Өйткені мектеп формасы баланың тәртібіне көп әсер етеді деген ойдамын, оқушылар арасында әлеуметтік   тұрғыда өзін төмен сезіну,   бәсекелестік, қысылу болмайды.  


Шешім:


  • Ата-аналар мен мектеп ұжымы арасында өзара тығыз байланыс орнатылсын.
  • Мектеп формасын сақтау және оқушылардың сырт келбетіне назар аударылсын.
  • Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналардың жауапкершілігі арттырлысын.
  • Тәрбие бағдарламаларын жүзеге асыруда ата-аналардың белсенді қатысуын қамтамасыз етілсін.
  • "Қазақ тілі ",Қазақ тілі мен әдебиеті" пәндерінен білім алушылар  емтиханға дайындалсын, ата-аналар тарапынан қадағалансын. Емтихан 22.05-28.05 аралығында өткізілсін.
  • 9,11- сынып оқушыларының мемлекеттік емтихан тапсыру жұмыстарымен ата-аналарды сынып жетекшілер жеке таныстырсын.  30 мамырдан-16 маусым аралығында 5-пәннен мемлекеттік емтиханға оқушылар жоғары дайындықпен келсін.
  • 2025-2026 оқу жылында мектеп формасы барлығына қолжетімді, қара көк түсті, классикалық стильде, ақ  кофта, ақ жейде, қыздар юбкасы тіземен бірдей, (ұзын-қысқа болмауы) қыздар-ұлдар   шалбары тобықты жауып тұратын, классикалық үлгіде  болсын. Ата-аналар  және олардың заңды өкілдері оқушыларды белгіленген міндетті  мектеп формасымен  киіндіруіне міндеттелсін. Сынып жетекшілер оқушыларға мектеп формасы жайында айтылған талаптарды толық түсіндірсін, жұмыс жүргізсін,   қадағаласын. Мектеп формасының талаптарының орындалуы әрбір сынып жетекшісінен және ата – аналардан талап етілсін. Білім беру саласындағы  Заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынсын. 
  • Оқушылардың түнгі уақытта ата-аналарынсыз жүрмеуін, оқушылардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында суға шомылу, өрт, тоқ қауіпсіздігі, мереке күндері тауға, сауық орындарында жүрмеуін ескертсін. Білім алушылардың сабаққа уақтылы келуі, сабаққа қатысуы бақылауда екені түсіндірілсін.           
  • Оқу жылының аяқталуына байланысты мектеп бітірушілер мен   олардың ата-аналарына  ақша жиналмауы қатаң ескертілсін. Аттестат тапсыру шарасында дастарқан ұйымдастыру, аниматор жалдау, тау бөктеріне қыдыру мейрамханаларда атап өтуге жол берілмейтіні қатаң бақылауда ұсталсын.




Жиналыс төрайымы:                   Г.Инкарбекова

     Хатшы:                   А.Калбаева


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: