Кезектен тыс ата-аналар жиналысы
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Кезектен тыс ата-аналар жиналысының хаттамасы
Интернационал ауылы 25.12.2024ж.
Қатысқандар:
Ата-аналар: 68
Ұстаздар: 35
Күн тәртібі:
1. Жаңа жылдық іс-шараларды өткізу тәртібі туралы
Тыңдалды:
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Канибетова:
Меркі ауданы білім бөлімінің 24.12.2024 жылғы №2059 хатына сәйкес жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар 26-27 желтоқсан аралығында, тек қана мектеп қабырғасында өтеді. Жаңа жылдық іс-шаралар өткізу барысында аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді жеке студияларды тартуға, салтанатты дастархан ұйымдастыруға, әкімшілікке және ұстаздарға сыйлықтар жасау, ақшалай қаражат жинауға, жаңа жыл мерекесін мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар жаңа жылдық іс-шараларда ғимаратта от жағуға, петарда мен бенгал шамдарын қолдануға және отшашу атуға, пиротехникалық құралдарды пайдалану жолын түсінбесе қолдануға болмайды, әссіресе қолдан жасалған пиротехникалық құралдарды пайдалануға және іс-шараға өткір, тесетін зарттарды әкелуге тыйым салынады.
Мектептен тыс уақытта балалардың қауіпсіздігі ата-аналардың жауапкешілігінде. Осыған байланысты балалардың түнгі мезгілсіз уақытта жүруін бақылауды, құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін ата-аналар, сіздергі бақылауды күшейту керек.
Шешім:
- Ата-аналар жаңа жылдық іс-шараларда тыйым салынған талаптарды
сақтауға міндеттенеді;
2. Ақша жинауға жол берілмейтіні нақты ескертілді;
3. Жаңа жыл мерекесін өткізу барысындағы оқушылардың өмір
қауіпсіздігін бақылау мектеп мұғалімдері мен ата-аналар тарапынан
қатаң бақылауға алынсын;
Жиналыс төрағасы:
Хатшы: