04
февраль
2026
«Терроризм мен экстремизмнің қауіпі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді
А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
2026 жылдың 4 ақпан күні мектепте ата-аналарға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу шаралары туралы ақпараттандыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері «Терроризм мен экстремизмнің қауіпі» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға экстремизм мен терроризмге қарсы күрес туралы ақпараттық фильм көрсетілді. Сондай-ақ діни экстремизмді тудыратын себептер мен жағдайлар, радикалды топтардың қауіп-қатерлері, экстремистік идеологияның қауіптілігі мен оның қозғаушы күштері, деструктивті ағымдарға азаматтарды тарту және тарту мәселелері де сараланды.


