«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу
23
январь
2025

«Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу

2025 жылдың 23 қаңтар күні мектепте ДТІЖО А.Канибетованың ұйымдастыруымен «Діни экстремизм, терроризм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» тақырыбында кездесу өткізілді. 

    Кездесуге Меркі ауданы «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» теологі Ғ.Толғанбай және Т.Рысқұлов ауылдық округінің билер кеңесінің төрағасы А.Айтжанов шақырылды. 

    Іс-шара барысында Меркі ауданы “Дін проблемаларын зерттеу орталығының” теологі Толғанбай Ғалымжан Бейбітұлы жастардың ой-өрісін кеңейтіп, оқушыларға діни экстремизмнің алдын алу туралы толық мағлұмат беріп, діни экстремизм мен терроризм қауіпі туралы айтып өттіп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

    Т.Рысқұлов ауылдық округінің билер кеңесінің төрағасы А.Айтжанов оқушылардың  бойында ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтар туралы тоқталып, оқушыларға діни экстремизмнің қауіп-қатерінен және интернет-желісінде радикалдық діни идеяны астарлы түрде насихаттайтын  діни ағымдардың парақшаларынан сақ болуға шақырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: