Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 7-11 сыныптың білім алушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 7-11 сыныптың білім алушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
23
декабрь
2025

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 7-11 сыныптың білім алушыларына арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылдың 22-23 желтоқсан күндері Аманжол Тұрғымбаев атындағы    №7 жалпы орта білім беретін мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында 7-11 сыныптың білім алушыларына арналған түсіндіру  жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: - Терроризм актісі қаупі кезінде ұстанатын негізгі қауіпсіздік ережелерін үйрету.
- Күнделікті өмірде антитеррорлық қауіпсіздік шараларын ұстанудың маңыздылығы мен мәнін түсіндіру. 
- Теріс идеологиядан қорғану, сақтық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Түсіндіру жұмысын АӘжТД пәнінің мұғалімі, сынып жетекшілер және тарих пәнінің мұғалімі бірлесе жүргізді. Қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер қауіпі, заң аясындағы жауапкершілік, күдік туғызатын жағдайларда қайда және қалай хабарлау қажет екендігі түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелері мен әрекет ету алгоритмдері айтылып, жадынамалар таратылды.
Іс-шара барысында білім алушылар өздеріне қажетті мәліметтермен танысып, сұрақтар қойып, кері байланыс орнатты. Түсіндіру жұмысы тиімді әрі тәрбиелік мәнде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: