25
сентябрь
2025
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұстаздар мен кіші қызметкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары
2025 жылдың 25 қыркүйек күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ұстаздар мен кіші қызметкерлерге арналған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты: - Экстремизм мен терроризмнің белгілері, қауіптері және таралу жолдары туралы түсінік беру.
- Теріс идеологиядан қорғану, сақтық іс-әрекеттерін қалыптастыру.
Түсіндіру жұмысын АӘжТД пәнінің мұғалімі, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары бірлесе жүргізді. Қатысушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізер қауіпі, заң аясындағы жауапкершілік, күдік туғызатын жағдайларда қайда және қалай хабарлау қажет екендігі түсіндірілді. Қауіпсіздік ережелері мен әрекет ету алгоритмдері айтылып, жадынамалар таратылды.
Іс-шара барысында қатысушылар өздеріне қажетті мәліметтермен танысып, сұрақтар қойып, кері байланыс орнатты. Түсіндіру жұмысы тиімді әрі тәрбиелік мәнде өтті.