«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы сақтану іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы сақтану іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
22
май
2025

«Діни экстремизм мен терроризмге қарсы сақтану іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.

Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайдың алдын-алу жоспарына сәйкес «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы сақтану іс-әрекетін қалыптастыру» тақырыбында оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты:
- Оқушыларға діни экстремизм мен терроризмнің қоғамға тигізетін зиянын түсіндіру.
- Жасөспірімдер арасында радикалды идеологияның таралуының алдын алу.
- Қауіпті жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
- Қоғамдық қауіпсіздік пен бейбіт өмірдің құндылығын ұғындыру.
     Оқу-жаттығу барысында оқушыларға ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді. Мектептің оқу қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлер, учаскелік инспектор және мектеп психологы қатысып, күдікті жағдай туындаған кезде оқушылардың өзін-өзі қалай ұстауы керек екені түсіндірілді. «Қауіп төнген жағдайда эвакуациялау» бойынша тәжірибелік бөлім өткізілді. Оқушылар терроризм мен діни экстремизм туралы базалық түсінік алып, шұғыл жағдайларда қалай әрекет ету керектігін тәжірибе жүзінде меңгерді. Іс-шара мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: