"Назар аударыңыз - балалар! " атты облыстық акциясы негізінде аудандық іс-шаралары біздің мектебімізде де өзінің бастауын алды.
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп
Мектеп оқушыларының жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқыс оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың ақпан айының 17-27 күндері аралығында "Назар аударыңыз - балалар! " атты облыстық акциясы негізінде аудандық іс-шаралары біздің мектебімізде де өзінің бастауын алды.
17 ақпан күні онкүндіктің ашылуы іс-шарасы өткізілді. Алғашқы сөз мектеп директордың тәрбие жөніндегі орынбасары А.Канибетова алып оқушыларды онкүндік барысында өткізілетін іс-шараға белсенді ат салысуға шақырды. Келесі сөз алған АӘжТД мұғалімі Н.Шалданбаев жол қозғалысында әр адамның жолда жүру ережесін жетік білуінің маңыздылығы жайында сөз қозғап, оқушылардың әркезде жол қозғалысының тәртібін, мәдениетін сақтау өмір қауіпсіздігінің кепілі болып табылатынын айтып өтті.
![]() | ![]() | ||
![]() | ![]() |



