"Абайлаңыз балалар " атты республикалық акция » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Абайлаңыз балалар " атты республикалық акция
14
январь
2025

"Абайлаңыз балалар " атты республикалық акция

Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде ДТІЖО  А.М.Канибетова  мен АӘжТД пәнінің мұғалімі Н.Б.Шалданбаевтың ұйымдастыруымен 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен "Абайлаңыз балалар "  атты республикалық акция негізінде он күндіктің басталғандығы туралы хабарлады. 
«Абайлаңыз, балалар!» тақырыбындағы іс-шараның басты мақсаты – балаларды жолда жүру ережелерімен таныстыру, олардың жол қозғалысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру. Сонымен қатар, балаларға жолда жүру барысында абай болудың маңыздылығын түсіндіру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік шараларын ұстануға дағдыландыру болып табылады. 
Іс-шара барысында балаларға жол белгілері мен сигналдарын, жаяу жүргіншілерге арналған өтпелерді пайдалану, көліктің алдында және артында болмау сияқты қарапайым ережелерді үйрету көзделеді. Сонымен қатар, балалардың назарын жолда жүргенде абай болуға, жаяу жүргінші жолдарынан өтудің қауіпсіз әдістерін қолдануға және жол қозғалысына қатысушы басқа да тұлғалармен дұрыс қарым-қатынас жасауға бағыттау жоспарланған.
Аталған мақсатты жүзеге асыру арқылы балаларды жолда қауіпсіз жүруге тәрбиелеп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті маңызды дағдылар мен жауапкершілікті арттыру көзделеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: