02
сентябрь
2025
«Назар аударыңыз – балалар» атты онкүндік өткізілуде
2025 жылдың 2–12 қыркүйек аралығында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай «Назар аударыңыз – балалар» атты онкүндік өткізілуде. Онкүндіктің ашылу шарасы 2 қыркүйек күні мектеп ауласыңда ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Оқушылардың жолда жүру ережелері туралы білімін арттыру.
- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
- Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын жетілдіру.
Ашылу барысында мектеп әкімшілігі, құқықбұзушылықтың алдын алу инспекторы және сынып жетекшілері сөз сөйлеп, оқушыларға жолда жүру мәдениеті, жаяу жүргіншілердің міндеттері, бағдаршам сигналдарының маңызы түсіндірілді. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларына арналған қауіпсіздік тақырыбындағы жадынамалар таратылды.
Онкүндіктің ашылуы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздарға қауіпсіздік шараларының маңыздылығы жеткізілді. Алдағы күндері түрлі тәрбие сағаттары, сурет байқаулары мен практикалық жаттығулар жалғасын табады.