Сынып сағаттары – бастауыш және орта буын сыныптарында » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағаттары – бастауыш және орта буын сыныптарында
08
сентябрь
2025

Сынып сағаттары – бастауыш және орта буын сыныптарында

2025 жылдың 8 қыркүйек күні  «Назар аударыңыз – балалар» онкүндігі аясында оқушылардың жолда жүру мәдениетін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Іс-шаралар тізбесі:
1. Сынып сағаттары – бастауыш және орта буын сыныптарында «Жол ережесін сақтайық», «Сақ бол, жолаушы», «Жол ережесінің қауіпсіздігі» тақырыптарында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, оқушыларға жолда жүру ережелері туралы бейнематериалдар көрсетілді, сұрақ-жауап жүргізілді.
2. Тәжірибелік жаттығулар – мектеп ауласында жаяу жүргінші жолақтарында жолдан өту, бағдаршам сигналдарын пайдалану бойынша практикалық жаттығулар өтті.
3. Полиция қызметкерлерімен кездесу – мектеп инспекторы мен жол-патрульдік қызмет өкілдері оқушылармен кездесу өткізіп, жол ережесін бұзудың салдары мен қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат берді.
Іс-шаралар оқушылардың жол қозғалысы ережелерін білу және оларды күнделікті өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыруға бағытталды. Қауіпсіздік шаралары бойынша білім деңгейі артты, іс-шаралар мазмұнды әрі тәрбиелік мәнде өтті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: