11
сентябрь
2025
Жас қозғалыс инспекторлары» (ЖҚИ) жасақтары құрылып, жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.
2–12 қыркүйек аралығында «Назар аударыңыз – балалар» онкүндігі аясында Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Жас қозғалыс инспекторлары» (ЖҚИ) жасақтары құрылып, жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылды.
Мақсаты:
- Оқушылар арасында жолда жүру ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
- Мектеп жанына орналасқан жаяу жүргінші жолағында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Жол-көлік оқиғаларының алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
“Жас сақшы” топтары және мектеп инспекторыменмен бірлесіп, мектеп жанына орналасқан жаяу жүргінші өткелінде жаттығулар өткізді. Оқушыларға жолды дұрыс кесіп өту, бағдаршам сигналдарына бағыну, қауіпсіз жүріп-тұру ережелері бойынша нұсқаулық берілді. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін насихаттауға арналған парақшалар таратылды.
Аталған шара оқушылардың қауіпсіздігін күшейтіп, жолда жүру ережелерін сақтау бойынша жауапкершіліктерін арттырды. «Жас қозғалыс инспекторлары» өз міндеттерін белсенді атқарып, іс-шара нәтижелі әрі тәрбиелік мәнде өтті.