«Бір ауыз сәлем-мың жылдық тәрбие» Дөңгелек үстел » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бір ауыз сәлем-мың жылдық тәрбие» Дөңгелек үстел
22
январь
2026

«Бір ауыз сәлем-мың жылдық тәрбие» Дөңгелек үстел

Аманжол Тұрғымбаев атындағы № 7  ЖББОМ

«Балалар кітапханасы» бағыты бойынша 

«Бір ауыз сәлем-мың жылдық тәрбие» 

Дөңгелек үстел


Анықтама

Мақсаты – оқушыларға сәлемдесудің адам тәрбиесіндегі, қарым-қатынастағы маңызын түсіндіру, әдептілікке, сыйластыққа, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.

А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББМ кітапханасында 2026 жылы 22 қаңтар күні «Балалар кітапханасы» бағытын іске асыру мақсатында 5-6сынып білім алушылармен «Бір ауыз сәлем-мың жылдық тәрбие» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара барысында оқушылар сәлемдесу мәдениеті туралы ой бөлісіп, қазақ халқының дәстүрлі амандасу түрлерімен танысты. Түрлі өмірлік жағдаяттар талқыланып, дұрыс әрі мәдениетті сәлемдесу үлгілері көрсетілді. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, белсенді қатысу танытты.

Іс-шара соңында оқушылар сәлемдесудің тәрбиелік мәні зор екенін түсініп, күнделікті өмірде әдеп сақтаудың маңызын ұғынды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: