9 наруыз күні 8 сыныптар арасында «Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. » СШ№7 с. Интернационал
Жамбыл облысы
әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Аманжол Тұрғымбаев атындағы
№7 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726343614
Есепші бөлімі:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 9 наруыз күні 8 сыныптар арасында «Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
09
март
2023

9 наруыз күні 8 сыныптар арасында «Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

А.Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп 

      Меркі ауданының білім беру мектептерінде сәлемдесу тәрбиесіне негізделген «Сәлемдесу — тәрбиенің бастауы» атты  акция жалғасуда. 

      Мақсаты: бала бойына сәлемдесу мәдениетін сіңіру,  үлкенге құрмет,  кішіге ізет көрсете білуге баулу,  жол беру,   қонақтармен жылы шырайда амандасу, қоғамдық орындарда мәдениеттілікті ұстануға жетелеу.

      Аталған іс-шара барысында мектепте 9 наруыз күні 8 сыныптар арасында «Сәлемдесу мәдениеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. 

     Дөңгелек үстелдің мақсаты: Оқушыларға сәлемдесудің түрлерін көрсете отырып, қалай сәлем беру керектігін үйрету. Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

     Іс-шара барысында оқушыларға сәлемдесу туралы бейнероликтер көрсетіліп, сұрақтар қойылып, ашық әңгіме жүргізілді. 

Қорытынды: Сөздің басы сәлеммен басталады. Сәлемдесе білу де өнер. Сәлемдесуден жалығуға хақымыз жоқ. Сәлем беру – кішіліктің белгісі. Сәлемдесу – ынтымақ, бірлікке шақырады. Адамдықтың белгісі сәлемдесу екенін ұмытпайық. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: