06
январь
2026
Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» Дөңгелек үстел
Аманжол Тұрғымбаев атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдерімен Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы»
Дөңгелек үстел
АнықтамаМақсаты: Адам мінезіндегі өкпе мен сабырсыздықтың зияндығын көрсету,
өмірде асығыстық пен өкпе көңіл күйінің дұрыс шешім қабылдауға кедергі келтіретінін түсіндіру,оқырманды өзін-өзі тануға, сабырлы болуға, ішкі жан дүниесін бақылауға шақыру,тұлғаның рухани өсуіне, адамгершілік құндылықтарын нығайтуға ықпал ету.
А. Тұрғымбаев атындағы № 7 ЖОББ мектебінде 2026 жылдың қаңтар айының 6-ы күні, қысқы демалысты тиімді өткізу мақсатында мектеп мұғалімдерімен мәжіліс залында Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» шығармасын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баякова Қуаныш шығарманың негізгі мағынасына тоқталды. Шығармада адам өмірінің қарама-қайшылыққы толы екенін көрсетеді.Жалғыздық тақырыбын,әділетсіздіктің құрбаны болған адамдар өмірін қозғайды.Адамдарға ішкі мұңын, сырын айтатын адам керек екенін түсіндіреді.
Ұстаздар шығарманың өмірлік мәнін жоғары бағалап, оны жеке дамуда тиімді екенін айтты. Сонымен қатар, шығарманы тереңірек түсіндіру үшін арнайы видеоролик көрсетілді, бұл қатысушылардың қызығушылығын арттырып, әдебиетті насихаттауда маңызды құрал болды.



